Skip to content

🔰Қиғаш жалпы орта мектептегі “Күншуақ” тынығу лагерінде мектеп психологі А.А.Кимеденова…

🔰Қиғаш жалпы орта мектептегі "Күншуақ" тынығу лагерінде мектеп психологі А.А.Кимеденова "Буллингті қалай танып,әрекет етіп, өз-өзін қорғауға болады" тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.Жұмыс барысында интерактивті тренинг топтық "Кәне танысайық !жаттығуы,тақырыпқа кіріспе, сұрақтар қою арқылы балалардың ситуацияға көзқарасы мен ой пікірлері тыңдалды.Даулы пікірлерге мысалдар келтіріліп, кеңестер ұсынылды.
🔰Тренинг соңында "Мен буллингке қарсымын"плакаттары арқылы қарсылықтарын білдірді.Балалар қиын жағдайға тап бола қалған жағдайда кімдердің көмектесе алатындығын түсінді."Қауіпсіз шеңбері"жаттығуын жүргізу арқылы балаларға сенімділікті және көмекке жүгіну жолдарын ұғындырылды.Ішкі шеңберде тез арада жүгінуге болатын жандар әке,ана,дос;Ортаңғы шеңберде сенетін,ағайлар, апайлар сын.жетекші,тәрбиеші , жаттықтырушы ағай болса;Сыртқы шеңберде көмек көрсетуге дайын тұратын адамдар психолог,мұғалім,сенім телефоны,полиция қызметкері екенін түсініп, шеңберді толтырды.
🔰Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі,үйлесімді ортасының қалыптасуы,өзара қарым-қатынастың нығаюының маңыздылығын түсінді.

#Жазғыдемалыс2025
#Жаз2025
#БақыттыБалалар #БалалықШақ #ЖазғыЛагерь #ЖазБасталды #ЛагерьКүні
#ҚошКелдіңКөңілдіЖаз
#kurmtarbie_2025

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *