Skip to content

👩🏻‍🎓 Еңбек күні – еңбектің қадірін ұлықтау мерекесі! 👷🏼 22…

👩🏻‍🎓 Еңбек күні – еңбектің қадірін ұлықтау мерекесі! 👷🏼

22 қыркүйек күні Қиғаш жалпы орта мектебінде “Білім жолын бастаған, бастауышым – бастамам!” тақырыбындағы бастауыш онкүндігі аясында Еңбек күніне орай “Болашақ маман иесі – бүгінгі оқушы” атты шара өтті.

✅ Мақсаты – жас ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, еңбек адамының қоғамдағы орнын бағалату және болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағдар беру.

Шара барысында оқушылар еңбекке қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, түрлі мамандықтар жайлы мағлұматтармен бөлісті. «Еңбек – елдің ертеңі, ал болашақ маман – бүгінгі ізденімпаз оқушы» деген түйінді ой айтылды.

Шараның қызықты сәтінде оқушылар болашақта таңдаған мамандықтарына сай дайын костюмдерді киіп шығып, сахна төрінде таныстырды.
Шара соңында мамандықтарға арналған костюмдердің шағын сән көрсетілімі өтіп, оқушыларға да, көрермендерге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 🌟
Ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімі :Зиябекова Жансулу Талаповна

#сапалыбілімберу
#atyrau_tarbie

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *