🎉 Дублер күні – ерекше күн! 🎉
Бүгін Қиғаш мектебінде дәстүрге айналған Дублер күні өтті.
Бұл күні оқушылар ұстаздардың рөлін өздеріне алып, сабақ жүргізіп, мектеп өмірін жаңа қырынан сезінді. 👩🏫👨🏫
📚 Дублер күні – оқушылардың жауапкершілігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған игі шара.
Оқушылар ұстаз еңбегінің қиындығы мен қадірін түсініп, өз білімдерін өзгелерге жеткізе алды.
✨ Күннің соңында бәрі көңілді күйде аяқталды. Осындай әсерлі күннен алған тәжірибе оқушылар үшін үлкен сабақ болды!
