Skip to content

🎊Дарындылар слеті – 2025🎊 2025 жылдың 23 мамыры күні Қиғаш…

🎊Дарындылар слеті – 2025🎊

2025 жылдың 23 мамыры күні Қиғаш жалпы орта мектебінде 2024–2025 оқу жылының қорытынды шарасы — « INFINITI ДАРЫН СЛЕТІ-2025» салтанатты түрде өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, білім мен ғылым жолында дараланған оқушыларға арналған құрмет сәті басталды.

Салтанатты жиынды ашқан мектеп директоры Марида Ербулатқызы оқу жылы бойындағы мектеп ұжымының, ұстаздар мен оқушылардың тынымсыз еңбегін жоғары бағалап, түрлі деңгейдегі сайыстарда, олимпиадалар мен жобаларда үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға шын жүректен алғысын білдірді.

Оқу жылында аудандық, облыстық, республикалық білім, спорт, өнер мен дебаттарда үздік нәтиже көрсетіп, мектептің абыройын асқақтатқан 60-ка жуық оқушыға мектеп директорының Алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды. Бұл – олардың табандылығы мен білімге деген құштарлығының жемісі.

Бұл – мектепішілік мерейлі дәстүрге айналған, жас дарындарды ынталандыратын білім мерекесі.

#atyrau_tàrbie
#birtutas_tàrbie
#біртұтас_тәрбие
#kurm_тәрбие
#Kurmtarbie2024
#біртұтас_тәрбие_атырау

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *