📌 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні 📌
Бүгін мектебімізде «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты тағылымды іс-шара өтті.
Мереке ұлы ағартушы, тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының 153 жылдығына орай ұйымдастырылды.
🔹 Оқушылар ана тіліміздің қадір-қасиетін жыр жолдарымен, мәнерлеп оқу, ән-күй арқылы паш етіп, Ахмет атамыздың еңбектерін еске алды.
🔹 Шара барысында жас ұрпаққа тілдің ұлттың рухани байлығы екендігі ұғындырылып, тілді қастерлеу – әр азаматтың парызы екендігі дәріптелді.
🇰🇿✨ Ана тіліміз – ғасырлардан жеткен аманат. Оны сақтау – баршамыздың міндетіміз! ✨🇰🇿






