Skip to content

28 тамыз күні Қиғаш жалпы орта мектебінде 2025-2026 оқу жылындағы…

28 тамыз күні Қиғаш жалпы орта мектебінде
2025-2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысы
📌 «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары” тақырыбында алғашқы ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС өтті.

📌 Мектептерде бірыңғай педагогикалық кеңестердің өткізілуін мониторингілеу графигі аясында өткен кеңеске Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі
Бахтыгереева Тоты Меңдіханқызы қатысты.

✅ Мақсаты: Мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда біріңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылында педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.

Күн тәртібі:
1. Әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру.
• 2025–2026 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

2. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасымен таныстыру.

3. 2025–2026 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарын бекіту.
• Педагогикалық кеңес жоспары;
• Мектепішілік бақылау жоспары;
• Әдістемелік кеңес жоспары;
• Біліктілікті арттырудың перспективалық жоспары.

4. 2025–2026 оқу жылына арналған оқу жоспарын бекіту.
• Апталық жүктеме, сабақ кестесі.

5. 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізудің концептуалдық тәсілдері.

6. Мектептің нормативтік-құқықтық базасы. Мектептің ішкі актілерін талқылау және қабылдау.
а) Оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру;
ә) Кабинет меңгерушілерін, бірлестік жетекшілерін, сынып жетекшілерін бекіту;
б) Аттестациядан өтетін мұғалімдердің тізімін бекіту;
в) Қоғамдық жұмыстарды бөлу;
г) Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету;
ғ) Ыстық тамақты ұйымдастыру;
д) «Мектепке жол» акциясын өткізу.

7. «Академиялық адалдық» сақтау ережелері. Мектептің ішкі тәртіп ережесін бекіту

📌 Жиын барысында педагогикалық кеңес тәртібіне сәйкес кеңес төрағасы мен жиналыс хатшысы сайланды.
📌 Алдымен мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Кемелұлының ұстаздарға арналған бейнежолдауы назарға ұсынылып, одан әрі күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. .
📌Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

#kurm_біртұтас
#atyrau_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_atyrau
#kurm_kurmangazi_adisteme

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *